Тілдік норма тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау, белгілі бір тәртіпке, заңға бағындыру. Тілдік норма орфоэпиялық норма, орфографиялық норма, лексикалық норма, фонетикалық норма, грамматикалық норма деп бөлі неді. Тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір қалыпқа түсіп, дағдыға айналып жұмсалуы грамматикалық норма деп аталады. Грамматикалық норма үшке бөлінеді: 1) сөзжасамдық норма; 2) морфологиялық норма; 3) синтаксистік нор ма.
Сөз жасамдық норма дегеніміз – туынды сөздің тілдің қалыптасқан заңдылығы на, амал-тәсілдеріне сай жасалуы. Мысалы, «семья» ұғымына қатысты жанұя, үй елмен, отбасы сияқты атаулардың ішінен әдеби тіл нормасына тек отбасы атауы ғана тұрақталды. Сөзжасамдық норма сөз тудырушы қосымшалармен сөздердің тіркесіміне де қатысты. Айталық, тіліміз де оқы етістігіне жұрнақ жалға ну арқылы жасалған оқушы және оқырман сөздері бар. Тілдік қолданыс барысында мағыналары сұрыпталып, екеуі де әдеби нормаға сай екі ұғымның атауы ретінде қалыптасты. Сол сияқты ұшақ пен тік сөздерінің бірігуінен тікұшақ атауы, бейне сөзіне жазба, таспа сөздерін біріктіру нәтижесінде әдеби нормаға сай келетін бейнежазба, бейнетаспа атаулары енді.