Сөз мәдениетінің адам қарым-қатынасындағы орны

Сөз мәдениеті дегеніміз – «қарым-қатынас құралын қалай игеріп, өмірде қалай пайдаланып жүрміз; оның әрқилы амал-тәсілдерін дұрыс, дәл қолданып, мазмұнды, әсерлі етіп жұмсай алдық па?» дегенге саяды. Сонымен, сөз мәдениеті – әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгеру, сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсіл дер ді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай қолдана білу. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да кедір- бұдырсыз жатық шығып жатады. Тіл амалдарын дұрыс қолда нып, әдеби тіл нормасын сақтап, одан жөнсіз ауытқымау ды сөз жатықтығы деп түсінуге болады. Тіл амал-тәсіл дерін дұрыс жұмсауға, сөз жатықтығына ғана қанағат етіп қою жеткіліксіз. Сөйлеушінің сөзі әдеби тілдің нормасына сай дұрыс жұмсалуы және «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей», ой мен сезімді дәл жеткізе алатындай әсерлі болуы да қа жет. Тілде толып жатқан амал-тәсілдер бар. Солардың ішінен аса қа жеттісін талғап ала білу арқылы ой мен сезімді дәлме-дәл жеткізе білу шеберлігі – сөз мәдениетінің биік шыңы. Мұн дай шеберлік, ең алдымен, тіл амалдарын әдеби тіл нормасына сай дұрыс қолданудан, сөз жатықтығынан басталады. Сондай қасиетке ие болғанда ғана сөйлеуші, жазушы сөз бай лығы, сөз тазалығы, сөз дәлдігі, сөз әсерлілігі тәрізді сапалармен тыңдаушысын я оқушысын баурап алады. (Н.Уәли)