Тілде жаңа сөз жасаудың қалыптасқан өзіндік жолы, заңдылығы бар.
Жаңа сөз дер қазақ тілінің заңдылықтары бойынша, яғни сөз жасамдық тәсілдер бойын ша жасалады.
Қазақ тілінің сөз жасам жүйесінде әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:
1) синтетикалық тәсіл;
2) аналитикалық тәсіл;
3) лек сика-семантикалық тәсіл.
Сөз жасамның синтетикалық тәсілі. Синтетикалық сөзжасамдық тәсіл – жаңа сөз жасаудағы негізгі тәсіл.
Синтетикалық тәсіл арқы лы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады:
лексикалық мағына лы сөз және сөз жасамдық жұрнақ. Мысалы: жаңалық, жүлдегер, ақылды, ардагер, айыпкер, сәулетші.
Туынды сөздің жасалуына негіз болған сөз бен одан жасалған туынды сөздің мағынасы байланысты болатындықтан,
туынды түбірдің қай сөзден жасалғанын дәлелдеуге болады. Мысалы, өнімдеген туынды түбірдің лексикалық мағынасы өну әрекеті
арқылы шыққан. Өн, өнім сөздерінің мағыналық байланысы анық көрініп тұр, сол арқылы ол дәлелденеді.
Сонымен, сөз жасамдық мағынаны негіз сөзбен туынды түбірдің мағыналық байланысы арқылы ажыратуға болады.
Негіз сөз дегеніміз – туынды сөздің лексика лық мағынасына арқау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер,
аңшы деген ту ынды сөздер кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздерден жасалған. Ал егінші, өнімді, білімпаз,
сәнқойлық деген сөздерге егін, өнім, білім, сәнқой деген туынды түбірлер негіз болған.