Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл – тілімізде көне замандардан келе жатқан, ті лімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Аналитикалық тәсіл дегеніміз – екі я одан да көп сөзден (сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруы арқылы) бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы. Аналити калық тәсіл барлық сөз табының сөз жасамынан кең орын алады. Мысалы: үш бұрыш, тікұшақ, көмір қышқылы, ақ сақал, темір қазық (зат есімдер); қызыл ала, орта бойлы, қызыл шырайлы, ақ шашты (сын есім дер); қырық сегіз, он ал ты, екі жүз, бес мың (сан есімдер); кіріп шық, алып кел, алып бар (етістіктер); күні кеше, күндерде бір күн, бүгін, биыл (үстеулер); тақ-тұқ, тарс-тұрс, жалт-жұлт (еліктеуіштер); пай-пай, ойпырмай, бәрекелді (одағайлар). Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады. Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту. Бұлардың әрқайсысы тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасай ды. Олар: біріккен сөздер, қос сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қысқарған сөздер. Екі сөзден біріккен жалқы есімдер (Қажымұқан, Дүйсенәлі, Көкше тау, Сырдария), терминдік атаулар (бесжылдық, матанализ), тұрақты тіркестер (ден қою, кұлақ салу, тіс жару, тіл қату), кіріккен сөздер (ендігіден әрі – ендігәрі, алып кел – әкел), қос сөздер (балашаға, егжей-тегжей, қап-қара), қысқарған сөздер (БҰҰ, ҒА, кг, см) және т.б. аналитикалық тәсілмен жасалған.