Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі. Ғылым салаларында лексика-семантикалық тәсіл арқылы терминдер көп жасалған:
сөз, буын, мағына, есім, шылау, үстеу (тіл білімі), күн, нарық (экономика), теңеу, суреттеу, өлең, әңгіме (әдебиет), қимыл, қозғалыс (физика),
үшбұ рыш, көбейту, қосу, алу (матема тика) және т.б. Ʌексика-семантикалық тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты
сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолы мен жаңа сөздің жасалуы – өте көп
тараған тәсіл. Мысалы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүл дірген, ағарған, қорған, қамал, айтыс, қоршау, ақ,
асар, жетісі, екпін, жасау т.б. Ʌексика-семантикалық тәсілде сөз ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, дыбыстық құрамын сақтай отырып,
мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу т.б. Бұл сөздердің тілде дәл осы тұлға да, осы
құрамда басқа мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Мысалы: қорған, айтыс, жарыс – етістік, қимыл;
бірге, біреу – сан есім, сандық ұғым. Ʌексика-семантикалық тәсілде мағынасы өзгерген сөз үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыса
бермейді. Сондықтан лексикасемантика лық тәсілдің іштей айырмасы бар:
1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі: асар, жасау, қорған т.б.;
2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалуы: құн, нарық (экономика), буын, есім (тіл білімі) және т.б.