Тілдік жүйе және норма

Тілдік норма дегеніміз – тілдік таңбалардың (сөз, қосымша, сөйлем), тілдік амал-тәсілдердің қолданыстағы бірізділігімен реттілігі. Әдеби тілдің заңдастырған нормасы – сөзді дұрыс қолданудың, грамматикалық амал-тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілік таныған, тіл тәжірибесінде сыннан өткен қа ғидалары. Тілдік норма – әдеби тіл туралы ұғымның маңызды заңдылығы. Сөйлеуде, жазуда тіл амалдарын дұрыс қолдана білу әдеби тіл нормасын сақтау болып саналады. Тілдік жүйе, дағды, норма ұғымдарының байланысын мынадай қарапайым мысалмен түсіндіре кетсек. Қазақ тілінің сөз жасау жүйесін де -ла, -ле, (-да, -де, -та, -те) қосымшалары есім сөзден етістік туды рады. Мысалы: бас-та, қол-да, үтік-те, су-ла, шөл-де т.б. Бірақ осы жұрнақты кез келген сөзге жалғай алмайсыз. Мысалы: кірпік-те, кітап-та, соғым-да т.б. мағынасыз етістіктер біздің қолдану дағдымызда орын алмаған.